kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Нарзулла Фахриддин – жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионы

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК көру мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Массажист» біліктілігі, «Мейіргер ісі» мамандығының 22-18 топ студенті – Нарзулла Фахриддин пара пауэрлифтингтен ҚР чемпионатына қатысты. Жарыс Тараз қ. өтті, онда тірек-қимыл аппараты және көру органдары зақымданған спортшылар бақ сынасты.

Пауэрлифтинг – бұл күшті спорт түрі, оның негізгі мақсаты ауыр салмақты тек күшті қозғалыстармен, серпілмей көтеру.

Біздің студент 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті және жалпы 210 келі көрсеткішпен жасөспірімдер арасында үздік нәтиже көрсетіп, чемпионаттың алтын медалін жеңіп алды. Сонымен қатар, Фахриддиннің көтерген салмағы оған ерлер арасында күміс медаль алуға мүмкіндік берді.

Колледж әкімшілігі, оқытушылар мен студенттер атынан Нарзулла Фахриддинді осындай жоғары жетістігімен – пара пауэрлифтингтен ҚР чемпионатындағы жеңісімен мақтан тұтады және құттықтайды! Сізге мықты денсаулық пен амандық, тек спорт алаңында ғана емес, оқуда да табыс тілейміз!