”Кітапхана – өркениеттің ежелгі және маңызды негіздерінің бірі, құнды білім мен рухани даналықты, ұлттық жадыны, көптеген ұрпақтардың мәдени және ғылыми мұрасын сақтау орны. Біздің колледждің кітапхана қабырғасында студенттер мен оқытушыларды көруге әрдайым қуаныштымыз. Сөредегі әрбір кітап өз оқырманын табады деп үміттенеміз.
Кітапхана төрт бөлімнен тұрады:
Кітапхананың жалпы ауданы: 138,9 м2
– абонемент оқырманға қызмет көрсету бөлімі, 24 орындық электронды кітапхана және оқу залы;
– оқу және арнайы әдебиеттің кітап қоймасы.
Цифрлы кітапхана – 25 кітап QR кодпен
2022-2023 оқу жылында абонементте 2 439 оқырман тіркелген.
Жалпы қоры 37 897 дана мемлекеттік тілде 26 792 дана
Оқу-әдістемелік ісінің электронды нұсқалары 555 дана
25 дана кітабымыз QR кодпен жасалынған.
Кітапхана өз қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кітапхана ісі мәселелері жөніндегі бұйрықтарын, бастауыш және орта кәсіптік білім беру кітапханасы туралы типтік ережелерді басшылыққа алады. Кітапхана өз жұмысын бекітілген жылдық жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырады. Қорды есепке алуды, сақтауды және сақтауды қамтамасыз ету үшін кітапханада істер номенклатурасына сәйкес құжаттама жүргізіледі
Штатта 2 маман жұмыс істейді:
Исаева Қарлығаш Оңғарбайқызы – Кітапхана меңгерушісі
Білімі: жоғары, Аль-Фараби атындағы КазМҰУ
Мамандығы: «Журналист» 2001 ж.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі 2 – санатты кітапханашы
2014 жылы аттестациядан өтті.
2018 жылы Республикалық ғылыми педагогикалық кітапханада «Кітапхана ісі және библиография» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды.
Тайшибекова Алия Саяқбайқызы – Кітапханашы
Білімі: жоғары, АМУ. Абай атындағы университет
Мамандығы: «География – Экология» 1994 ж.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі 2 – санатты кітапханашы
2017 жылы аттестациядан өтті.
2018 жылы Республикалық ғылыми педагогикалық кітапханада «Кітапхана ісі және библиография» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды.