kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Колледждің Әдістемелік қызметі

Амрина Галина Анатольевна

Ғылыми-әдістемелік бөлімнің басшысы

Әдістемелік тақырып:

«Кәсіптік білім беру сапасын арттыру факторы ретінде құзыреттілліктер тәсілін енгізу»

Әдістемелік жұмыстың басты мақсаты педагогтардың кәсіби білімі мен іскерлігін жетілдіру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, педагогикалық процестің тиімділігі мен сапасын арттыру болып табылады.

Әдістемелік жұмыстың басты мақсаты –  педагогтардың кәсіби білімі мен іскерлігін жетілдіру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, педагогикалық процестің тиімділігі мен сапасын арттыру болып табылады.

Әдістемелік қызметтің негізгі міндеттері:
  • педагогтарды білімнің жаңа мазмұнымен, инновациялық білім беру жүйесімен және тәрбие технологиялары, озық отандық және шетелдік тәжірибе мен өз жұмысын практикаға енгізу мақсатында психологиялық-педагогикалық ғылымдарының жетістіктері туралы жедел ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
  • түлектерді даярлау сапасын бағалаудың кешенді жүйесін қалыптастыру;
  • оқытудың барлық түрлерін өткізудің тиімділігін арттыру, әдістемені жетілдіру;
  • оқытылатын пән саласындағы білімді жаңарту және жетілдіру;
  • жаңа ұрпақтың МЖМБС сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жетілдіру;
  • ғылым мен техниканың қазіргі жағдайына, педагогика мен психология талаптарына жауап беретін пәндер бойынша оқу құралдарын және басқа да оқу-әдістемелік материалдарды дайындау және басып шығару.
  • озық педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату;
  • педагогтарды аттестациялауды ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету;
  • студенттердің шығармашылық және өзіндік жұмыстарын жетілдіру.
Әдістемелік қызметтің құрамына кіреді:
  • оқу-әдістемелік кеңес;
  • циклдық әдістемелік комиссия;
  • озық тәжірибе мектебі;
  • жас мамандар мектебі;
  • инновациялық технологиялар мектебі
Әдістемелік жұмыстың мақсаты:

Әдістемелік жұмыстың басты мақсаты педагогтардың кәсіби білімі мен іскерлігін жетілдіру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, педагогикалық процестің тиімділігі мен сапасын арттыру болып табылады.

​Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері:
  • Нормативтік-құқықтық құжаттарды, білім беруді басқару органдарын, оқу-бағдарламалық құжаттарды жетілдіру үшін ұсынымдар мен ұсыныстар енгізу;
  • Жаңа оқу бағдарламаларын және оларды оқу процесіне енгізу туралы ұсыныстарды зерделеуді ұйымдастыру;
  • Нормативтік-құқықтық құжаттарды, білім беруді басқару органдарын, оқу-бағдарламалық құжаттарды жетілдіру үшін ұсынымдар мен ұсыныстар енгізу;
  • Оқытушылардың кәсіби қызметін жүзеге асыруда және педагогикалық шеберлігін жетілдіруде педагогикалық қызметкерлерге оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық әдістемелік көмек көрсету;
  • Заманауи білім беру технологияларын, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, тарату және енгізу;
  • Білім беру ұйымдарында оқу үдерісін өткізу үшін білім беру бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік және оқу құралдарын, әдістемелік әзірлемелерді әзірлеуге, сараптауға көмек көрсету және оларды баспаға дайындау.
  • Педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында тақырыптық семинарлар, конференциялар, әдістемелік кеңестер ұйымдастыру және өткізу.
Әдістемелік кабинет жұмысының негізгі бағыттары:
  • Білім беру үдерісін кешенді оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді құру және жаңарту;
  • Педагогикалық, медициналық қызметкерлерді педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттің жаңалықтарымен таныстыру;
  • Оқытудың заманауи әдістері мен жаңа технологияларын зерделеу, жүйелеу және практикаға енгізу;
  • Оқытушылардың біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлауды ұйымдастыру;
  • Білім алушылар мен оқытушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру;
  • Редакциялық-баспа қызметін ұйымдастыру;
  • Әдістемелік қызметтің тиімді жұмысы үшін нормативтік және құқықтық құжаттарды әзірлеу;
  • Әдістемелік көрмелер ұйымдастыру;
  • Психологиялық-педагогикалық, медициналық, дидактикалық және басқа да мәселелер бойынша топтық және жеке консультациялар ұйымдастыру;
  • Білім беру және тәрбие қызметінің түрлері бойынша үздік әдістемелік әзірлемелерді жинақтау және жүйелеу.

    Білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар.

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ШАРАЛАР:

  1. «Мейірбике ісіндегі инновациялар және заманауи ғылыми жаңалықтар» атты студенттік ғылыми-практикалық конференциясы (26.05.2023)
  2. “Жүктілік кезіндегі антенатальды күтім. МСАК деңгейіндегі акушерлердің рөлі” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (18.05.2023)
  3. «Жаңа Қазақстан жастарының құндылықтары» атты медициналық колледждер арасында студенттердің Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы (10.05.2023)
  4. «Білім алушы тұлғасын табысты дамыту үшін инновациялық білім беру технологияларын енгізу және педагогикалық шеберлікті жетілдіру арқылы білім беру процесінің сапасын арттыру» атты Педагогикалық оқулар (25.01.2023)
  5. «Мейірбике ісі технологиялары: теория және тәжірибе» атты халықаралық қатысумен аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция (12.05.2022)
  6. «Үздік орта медицина қызметкері-2022» атты қалалық байқауы (29.04.2022)
  7. «Ғылым және Медицина: жастардың заманауи көзқарасы» атты студенттік ғылыми-практикалық конференциясы  (14.06.2021)
  8. «Студенттің үздік портфолиосы» республикалық байқауы (07.06.2022)
  9. «Мейіргерлік білім беру мен практиканы дамытудың заманауи мәселелері мен перспективалық бағыттары» атты Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК 40 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция (14.05.2021)