Worldskills-ке қатысу
Колледж студенттері «Медициналық және әлеуметтік күтім« құзыреттілігі бойынша WorldSkills өңірлік чемпионатының қатысушы—жүлдегерлері болып табылады. Алғаш рет «Медициналық және әлеуметтік күтім« құзыреті 2019 жылы енгізілді, сол жылы чемпионаттың 2-ші орнын біздің студент Әбубәкір Нұрай иеленді. 2021 жылы Рысқұл Самал өңірлік чемпионаттың 1-ші және «WorldSkills Kazakhstan 2021» республикалық чемпионатында 2-ші орынды иеленді. 2022 жылы 1 орынды Төлепбаева Әйгерім, 2 орынды Пердебаева Жадыра иеленді. 2024 жылы Мейірханқызы Гүлімай «Worldskills Almaty» 1 орын алды, 2025 жылы — Маратқызы Назгүл өңірлік чемпионатта 3 орын алды.
2025 жылғы 3–11 мамыр аралығында Үндістанның Дели қаласында қол күрестен Азия чемпионаты өтті. Аталған жарысқа Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның «Мейіргер ісі» мамандығы «МІ 24-8» тобының студенті Нүкен Аиша қатысты.
Чемпионатқа 10-нан астам елден 300-ден аса спортшы қатысты. Нүкен Аиша 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Оқу орнындағы оның дене шынықтыру бойынша жаттықтырушысы – «Жалпы гуманитарлық пәндер» № 1 ЦӘК дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Кази Аманбек болды.
Жаттығуға деген табандылығы мен қайсар мінезінің арқасында студентіміз чемпионаттың финалына дейін жетіп, күміс медаль иеленді!
Нүкен Аиша — қол күрестен халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Колледж әкімшілігі, оқытушылар мен студенттер атынан Нүкен Аишаны қол күрестен Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Оған алдағы уақытта жаңа жетістіктер, мықты денсаулық және оқуда табыс тілейміз!
Алматы ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенттері ҚР Білім Министрлігінің қолдауымен «Мың бала» республикалық зияткерлік орталығы ұйымдастырған «Мақатаев оқулары» байқауына қатысты.
Байқаудың мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың рухани мұрасын насихаттау. Байқаудың шарттары бойынша сайыскерлер ақынның дайындалған өлеңімен бейнежазба ұсынады.
Студенттер әдеби байқауға келесі өлеңдер дайындады:
— Садуақас Дарина — «Емдеу ісі» бөлімшесінің «ЕІ 24-01» тобының студенті «Шыда, Шыда» өлеңін дайындап, 1 орынға ие болды;
— Қабдолда Мерей «Шеше сен бақыттысың» өлеңімен және Махан Жансая «Ғашықпын» өлеңімен – «Мейіргер ісі» бөлімшесінің «МІ 24-11» тобының студенттері байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.
Колледж әкімшілігі Сәдуақас Дарина, Қабдолда Мерей, Махан Жансая және олардың тәлімгері Тәжиев Ербол Елғондыұлын әдеби байқаудағы жеңісімен құттықтайды! Барлық студенттерімізге оқуда табыс, жаңа биіктерге ұмтылу тілейміз!
2025 жылдың 12–13 сәуір күндері Алматы қаласында еркін күрестен ашық турнирға Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның «Мейіргер ісі» бөлімінің 2 курс студенті, «МІ 23-7» тобының білімгері Кадим Сағынтай қатысып, ерекше көзге түсті.
65 келі салмақ дәрежесінде белдескен Сағынтай спорттық рух пен шеберлігін танытып, жарыстың барлық кезеңінен сенімді өтіп, финалдық белдесуде қола медаль иеленді.
Біз Кадим Сағынтайды бұл жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оған алдағы уақытта спорт пен білім жолында жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз!
Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК «Стоматология» мамандығының «Д 24-03» тобының 1 курс студенті Тоқай Сырым 2025 жылғы 30-31 қаңтарда Жалағаш ауылында өткен шаңғы жарысы бойынша Алматы облысының чемпионатына қатысты.
Спорттық жарыстар «Еркін әдісте» өтті, онда Сырым 2 орынға ие болды және «Классикалық жүрісте» біздің студент 1 орынға ие болып, сенімді жеңіске жетті.
Сырым 8 жасынан бастап спортпен шұғылданады, 15 жасында ҚР спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындады, 2024 жылы Сырым «Everest» баспа үйінің «Жыл үздігі» төсбелгісімен марапатталды және «Еліміздің мақтанышы» республикалық энциклопедиясының беттеріне түсті.
Колледж басшылығы, оқытушылары мен студенттерінің атынан біз Тоқай Сырымды Алматы облысы шаңғы жарысынан чемпионатындағы жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер, мықты денсаулық және оқуда табыс тілейміз!
Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК «Емдеу ісі» бөлімінің «ЕІ 24-01» тобының 1 курс студенті Серік Айбек Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Мың бала» республикалық зияткерлік орталығы ұйымдастырған «Мағжан оқулары» республикалық конкурсына қатысты.
Байқаудың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың рухани мұрасын насихаттау.
Байқау шарттары бойынша қатысушылар бейнеге жазылған ақынның өлеңін ұсынады. Серік Айбек «Мен жастарға сенемін» шығармасын оқыды, оның жұмысын байқау қазылар алқасы республиканың түкпір-түкпірінен келген көптеген колледж қатысушыларының арасында I орынмен бағалады.
Колледж әкімшілігі Серік Айбек пен оның тәлімгері — Тажиев Ербол Елғондыұлын әдеби байқаудағы жеңісімен құттықтайды! Барлық студенттерімізге оқуда табыс, жаңа биіктерге ұмтылу тілейміз!
Назролаева Жанерке — Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-ның “Мейіргер ісі” мамандығының, “Массажист” біліктілігі (нашар көретіндер мен зағиптар үшін) 24-21 тобындағы 1 курс студенті, 2024 жылғы 14-15 желтоқсанда Үндістанның Дели қ. өткен UCMAS менталдық арифметикадан халықаралық чемпионатына қатысып, жеңіске жетті.
Дели қаласындағы чемпионатқа барлығы 30 елден 6000-нан астам қатысушы келді, олар 10 санатқа бөлінді, Назролаева Жанерке “Visual G” санатында бақ сынасты. Чемпионаттың барлық қатысушылары 8 минут ішінде арифметикалық есептердің максималды санын шешуі керек болды. Жанерке белгіленген уақыт ішінде мүмкін болатын 200 есептің 159 шығарды, осылайша өз санатындағы ең жақсы нәтижені көрсетті.
Колледж әкімшілігі, оқытушылары мен студенттерінің атынан Назролаева Жанеркені менталдық арифметика бойынша халықаралық чемпионаттағы жеңісімен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық пен амандық, оқуда табыс және жаңа жеңістер тілейміз!
Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК «Емдеу ісі» бөлімшесінің «24-5 ЕІ» тобының 1 курс студенті Хаир Нұрсұлтан «JOLBORS-2024» кубогына таэквондодан ашық турнирге қатысты.
Турнир 2024 жылғы 18-21 қазан аралығында Бішкек қаласында өтті, онда Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстан спортшылары бақ сынасты.
Нұрсұлтан 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, бұған дейін 4 жекпе-жек өткізді, турнирдің финалына шықты және тек алтын медаль үшін күресте Өзбекстаннан спортшысынан келген қарсыласынан жеңілді.
Колледж әкімшілігі, оқытушылары мен студенттері атынан Хайр Нұрсұлтанды «JOLBORS-2024» күміс медалін жеңіп алуымен құттықтаймыз. Сізге зор денсаулық пен амандық тілейміз, қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтамаңыз, ең бастысы өзіңізге және өз күшіңізге сеніңіз!
27 қыркүйек 2024 жылы №1 қазақ мемлекеттік гуманитарлық -педагогиктік колледжінің базасында «Тіл – халық қазынасы» тақырыбында қалалық байқау ұйымдастырылды. Байқау қазақ тілі — өз ана тілі емес студенттер арасында өтті. Байқауға Алматы қаласындағы 19 колледжден 19 студент қатысты.
Байқауға Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ » Жоғары медициналық колледжі» КМК «Емдеу ісі» бөлімі ЛД 24-2 тобының студенті Елизавета Пигулевская қатысты.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша сайыскеріміз 3-ші жүлделі орынға ие болды. Құрметті 3-орын – Елизавета Пигулевская мен оның тәлімгері Ахымбекова Жазира Байжанқызының білімге деген үлкен құштарлығының жемісі.
Колледж басшылығы, оқытушылары мен студенттері атынан Елизавета Пигулевская мен оның тәлімгері Ж.Б. Ахымбекованы жүлделі орын алуларыңызбен құттықтаймыз! Сіздерге жаңа жетістіктер тілейміз!