kkru
acollege@yandex.kz +7 (727) 387-10-11

Тәрбиелік жұмыс

Каштаева Шолпан Елемесовна

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК тәрбие жұмысы жоғары адамгершілік пен интеллектке ие, таңдаған мамандығын игеруге ұмтылатын және рухани-моральды, дені сау, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыруда кешенді шараларды іске асыруға бағытталған.

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты: тәрбие үрдісінің сапасын арттыру, колледждің тәрбие жүйесін дамыту. Білім алушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері мен кәсіби ерекшеліктерін ескере отырып жеке тұлғасын дамыту арқылы өзін-өзі анықтау, өзін-өзі дамытуды іске асыру болып табылады.

Тәрбие жұмысы арнайы бағыттар бойынша жұмыстарды жүргізеді. Атап айтар болсақ:

  1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.
  2. Рухани-адамгершілік тәрбие.
  3. Ұлттық тәрбие.
  4. Отбасылық тәрбие.
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
  6. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
  7. Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.
  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Осы бағыттар негізінде білім беру мекемесінде білім алушыларға арналған Студенттік Кеңес құрылымы қызмет етеді. Бұл өзін-өзі басқаруға бағытталған «Тәрбие және әлеуметтік іс» бөлімінің жанынан құрылған ұйым болып табылады.

Студенттік Кеңес мақсаты:

  • білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және білдіру;
  • оқу және ғылыми мәселелерді шешуде, оқу-тәрбие процесін, сондай-ақ студенттердің бос уақытын ұйымдастыруда көмек көрсету.

Студенттік Кеңестің бөлімдері:

  1. Ғылыми-зерттеу бөлімі. Бөлім ішінде «Анатомия» клубы , «Дебат» клубы , «Әлем тілдері» клубы , «Жас ғалым» клубы, «Психология» клубы жұмыс атқарады.
  2. Шығармашылық бөлім. Бөлім ішінде «Театр» үйірмесі, «Хареография» үйірмесі, «Вокал» үйірмесі, «Аспаптар» үйірмесі, «Сурет» үйірмесі, «Қол өнері» үйірмесі және «ВМК өнерпаздары» атты жайдарманшылар үйірмесі жұмыс атқарады.
  3. Тәрбие және этико бөлімі.

Бөлім білім алушылардың тәрбие құқықтық қызметі бойынша қызмет атқарады.

Студенттік Кеңес ішіндегі орталықтар: 

  1. Студенттік Деканат орталығы. Орталық білім беру мекемесінің старосталар жұмысы мен білім алушылардың оқу үлгерімі, сабаққа қызығушылығы және мұғалімдермен байланысуын қамтамасыз етеді.
  2. Ақпаратпен қамтамасыз ету орталығы. Орталық ішінде  «СММ» бөлімі, «PR» бөлімі және «БАҚ» бөлімі жұмыс атқарады. Білім алушыларды ақпаратпен және жаңалықпен қамтамасыз етуде.
  3. Еріктілер және қайырымдылық орталығы. Орталық білім алушыларды қайырымдылық істерді атқарып, акцияларды ұйымдастыру арқылы жанға жылу сыйлау үшін жұмыс жасайды.
  4. Спорт секциясының орталығы. Орталық ішінде «Футбол» клубы, «Волейбол» клубы, «Ұлттық ойын» клубы жұмыс жасайды.

ҚР Президентінің халыққа жолдауларын, «Қазақстан-2030» стратегиясын, Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын басшылыққа ала отырып білім беру мекемесінде «Sanaly Urpaq» клубы және «Jas Otan» Жастар Қанаты өз жұмысын белсенді атқаруда.

«Sanaly Urpaq» клубының миссиясы: патриот және бәсекеге қабілетті, жемқорлықтан арылған азат Қазақстанда тұратын білімді жастарды өсіру. Білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы болатын ортасын қалыптастыру, білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

«Jas Otan» Жастар қанатының мақсаты мен қызметі: Қазақстан Республикасының жастарын жан-жақты дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси және т.б. жағдайлар жасау, олардың рухани-адамгершілігін, интеллектуалды және физикалық күшін, әлеуметтік және экономикалық, саяси, құқықтық жағдайын, экологиялық және рухани мәдениетін арттыру.