kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Жемқорлыққа қарсы қызмет

 

Мақсат және нысаналы индикаторлар

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын құру арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Нысаналы индикаторлар:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;
  • мемлекеттік билік институттарына қоғамның сенімі;
  • халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейі;
  • халықаралық қоғамдастықтағы елдің беделін арттыру және тиісті халықаралық рейтингтерді, оның ішінде «TransparencyInternational» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі Қазақстанның рейтингін жақсарту.

Міндеттері:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет саласындағы мемлекеттік қызмет;
  • қоғамдық бақылау институтын енгізу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет квазимемлекеттік және жеке сектордағы;
  • соттарда және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілер

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ
  2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ.
  3. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы.
  4. «Қазақстан Республикасының 2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 — 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысы.
  5. Қазақстан Республикасының 2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және қалтарыстағы экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Алматы қалалық іс-шаралар жоспары.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі нормативтік құжаттар:​

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет:​​

Байланыс ақпараты:

Сенім телефоны: +7 (727) 387-38-97

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы анонс

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» КМК 2026 жылғы 31 наурыздағы директордың № 34 Н/Қ НД 06-07,  бұйрығы негізінде 2026 жылғы 07 сәуір мен 30 сәуір аралығында келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды:

  • ұйымдық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • мүдделер қақтығысын реттеу;
  • бюджеттік және қаржылық қаражаттарды игеру және бөлу;
  • мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.

Жоспарланған іс-шара бойынша ұсыныстар мен пікірлер 2026 жылғы 07 сәуірге дейін келесі электрондық пошта арқылы қабылданады:
📧 abzalkomplans2023@mail.ru

Мекенжайы: Алматы қ., Л. Чайкина көшесі, 12а (204-каб.)
Тел.: +7 (727) 387-38-97
📱 +7 705 298 30 50