ISO 9001-2016 талаптарына, колледж жарғысына, «ҚР білім беру туралы» Заңына және ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес сапа менеджменті жүйесін сақтауға қойылатын талаптарға сәйкес жұмыс істейді.
Сапа менеджменті жүйесінің қызметі колледж директорының 2009 жылғы 22 қыркүйектегі № 06-02-17 «Алматы қаласындағы МКМ Медициналық колледжінде сапа менеджменті жүйесін енгізу туралы» бұйрығының негізінде құрылды.
2021 жылдың 31 желтоқсанда колледж СТ РК ИСО 9001 – 2016 жаңа стандартына сәйкес кезекті сәйкестік сертификатын өтті.
СМЖ қызметі СТ РК ИСО 9001 – 2016 талаптарына сәйкес СМЖ жұмысын әзірлеу және жұмыс күйін қалыпты ұстау болып табылады.
Осы қызметтің шеңберінде сапа менеджменті жүйесі бірқатар жұмыстар жүргізеді:
– сапаны басқару жүйесін жетілдіруді жоспарлау;
– кеңсе жұмысын басқару және оқу үдерісін жетілдіру бойынша құжатталған рәсімдер әзірленді;
– ұйымның мониторингі мен талдауы, процестерді жүзеге асыру;
– процестердің сапасын жақсарту бойынша кеңестер беріледі;
– ішкі аудит жүргізіледі;
– Ішкі аудиттің негізінде түзету және алдын алу шаралары бойынша ұсынымдар жасалады;
– білім беру қызметтері бойынша тұтынушылардың қанағаттануы талданады және т.б.
СМЖ сапасы жыл сайынғы сыртқы аудитпен расталады. 2021 жылдың 31 желтоқсанда сапа менеджменті жүйесінің СТ РК ИСО 9001 – 2016 талаптарына сәйкестік сертификаты расталды және ұзартылды.
Сапа саласындағы саясаттың негізгі мақсаты жоғары білікті медициналық қызметкерлерді оқыту болып табылады.
Біздің принциптеріміз: