kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысымен кездесу

25.11.2022 ж. Алматы қ. ҚДБ «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК-да колледж студенттері мен қызметкерлерінің «SANALY URPAQ» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Тоқушев Қайыржан Ахметбекұлымен кездесуі өтті. Жалпы саны 150 адамды құрайтын конференция онлайн және офлайн форматта өтті.

Өз сөзінде К. А. Токушев оқу орындарында адалдық қағидаттарын енгізу, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру туралы ой-толғамымен бөлісті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР Заңының негіздерімен таныстырып, осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті. Кеңсенің міндеті ҚР оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылатындығына байланысты ол колледж оқытушылары мен білім алушыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Кездесу барысында ТжӘЖ бөлімінің басшысы Ш.Е. Каштаева «Саналы Ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында баяндама оқыды. Ол атаулы кеңсенің барлық бастамалары әділдік, адалдық, парасаттылық, сенім құндылықтары арқылы жүзеге асырылатынын, біздің жұмысымыздың негізгі бағыты – адалдық екенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің міндеттері:

  • қоғамда осы құбылыстың теріс бейнесін қалыптастыру;
  • студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейіндегі саяси-құқықтық білімдерін қалыптастыру;
  • жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.

Сондай-ақ, «SANALY URPAQ» студенттік клубының жетекшісі Ақылбекова Анеля барлық қатысушыларды клуб қызметімен таныстырып, алдағы жоспарлары туралы хабардар етті. «SANALY URPAQ» – мақсаты білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа жалпы бас тарту ортасын қалыптастыру болып табылатын жоба. Ал осы жобаның авторы Қайыржан Ахметбекұлы Тоқушев болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық мәселесі қазіргі заманғы шындықтағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл ұзақ мерзімді, стратегиялық, сонымен қатар ең тиімді әдісті талап ететін жұмыс.

Конференция соңында колледж директоры-Лазат Мейрашевна Актаева конференцияның барлық қатысушылары мен спикерлеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ, панельдік пікірталас ұйымдастырылып, онда барлық қатысушылар белсенді қатысып, біздің қонағымыз К.А. Токушевке өз сұрақтарын қойып, алғыстарын білдірді.

Конференция танымды, ақпаратты және өте қызықты өтті. Барлық қатысушыларға көп рақмет!