kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында салатанатты шара

01.09.2022 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 қыркүйек Білім күніне орай 1 курс білім алушылары үшін «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында салатанатты шара өтті.

Мақсаты:
— Білімге деген құндылықты қалыптастыру, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылыс.
— Белсенді өмірлік ұстанымды, кәсіби маңызды қасиеттерді және олардың қоғам өмірінің түрлі салаларында көрініс табуына дайындығын қалыптастыру.
— Өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға, жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағдарлау.

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай келе баршамызға жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз💐