kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Студенттің үздік портфолиосы» республикалық байқауы

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК «Зертханалық диагностика» мамандығының ОӘБ жұмыс жоспарына сәйкес қашықтықтан «Студенттің үздік портфолиосы» республикалық байқауы өткізілді. Байқауға ҚР 8 Жоғары медициналық колледж студенттері қатысты.

Байқаудың мақсаты: студенттің жетістіктерін, оның жеке жетістіктерін кең білім беру контекстінде ұсыну және бағалау, сонымен қатар жалпы және кәсіби құзіреттіліктің дамуын көрсету.

Студенттердің жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланды: Титул парағы және түйіндеме, Портфолионы эстетикалық безендіру, Портфолио безендіру сапасы, «Менің ұстанымым» Эссе, Зерттеу, шығармашылық және қоғамдық қызметтегі жетістіктер. Барлық жұмыстар критерийлерге сәйкес орындалды. Қатысушылардың жасаған портфолиосы шығармашылық қабілеттерінің жоғары екенін, әр жұмыс «Зертханалық диагностика» мамандығы студенттерінің жан-жақты қызығушылықтары барын көрсетті . Барлығы жақсы оқитын, өз колледжінің, қаланың және аймақтың ғылыми-зерттеу жұмыстарына және қоғамдық өміріне, еріктілер қозғалысына қатысқан, спортпен және шығармашылықпен айналысатын студенттер. Ең бастысы, барлығы медицинаға және болашақ «Медициналық зертханашы» мамандығына қызығушылығы барын көрсетті.

Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша:

I орын – Умуткулова Жанат Куралбаевнаға берілді, ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Маншүк Маметова атындағы Ақтобе Жоғары медициналық колледжі» МКК;

II орын – Галиева Зарина Ринатовнаға берілді – «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» МКҚК»

III орын – Анищенко Вероникаға берілді, «Қостанай жоғары медициналық колледжі»

  • Вебер Лейла Геннадиевна, Батыс Қазақстан Жоғарғы медициналық колледж студенті «Белсенді шығармашылық қызметі үшін» номинациясымен марапатталды
  • Яковин Артем Андреевич, ШЖҚ «Өскемен жоғары медициналық колледжі» КМК студенті «Жас ізденуші» номинациясымен марапатталды
  • Кокумбекова Сымбат Ерлановна, ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК студенті «Ең белсенді студент» номинациясымен марапатталды
  • Такир Данагул Бахытжанкызы, ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК студенті «Белсенді қоғамдық қызметі үшін» номинациясымен марапатталды
  • Жартыбай Перизат Ерболқызы, КМҚК «Балқаш қаласының медициналық колледжі» студенті «Үздік презентация» номинациясымен марапатталды

 Дипломдар 

Протокол Республиканского конкурса 31.05.2021

Байқаудың барлық қатысушыларына және олардың жетекшілеріне алғыс білдіреміз және алдағы уақытта табыс тілейміз!