kk
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Алматы қ. ДСБ ШЖҚ » Жоғары медициналық колледжі » КМК қазақтың ақын-жазушысы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізілді

Студенттік кеңес ұйымдастырған концерттік бағдарламаға 1-3 курс студенттері белсенді қатысты. Қонақ ретінде Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әзімханов Ыбырай Құрманғалиұлы шақырылды. Ол құттықтау сөз сөйлеп, Мұқағали Мақатаевтың өлеңін оқыды және іс-шараның жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу мақсатында өткізіліп отырған іс-шараның тәрбиелік маңызы зор.