“SANALY URPAQ” аясында 2021-22 ж. арналған “Adaldyq alany” жобалық кеңсесінің өкілдерімен кездесу

31.05.2022 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, Сыбайлас жемқорлық көріністеріне “мүлдем төзбеушілікті” қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында “Sanaly urpaq” жобасы аясында 2021-2022 оқу жылына арналған “Adaldyk alany” жобалық кеңселерінің өкілдері, арнайы мониторингтік топпен және ағартушылық-насихаттау штабының өкілдерімен кездесу өтті.

Қадірлі қонақтар, спикерлеріміз:

  • Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент өкілі, “ANTIKOR” ұйымының атынан келген қонағымыз Әділбек Қанатбек Сәрсенбайұлы.
  • Медеу ауданының “ADALDYK ALANY” басшысы, арнайы мониторингтік топта және ағартушылық-насихаттау штабының өкілінен келген қонағымыз – Зиябеков Бахнур Махсатович.

Шара барысында «Sanaly Urpaq» клубының жылдық жұмысы және колледждегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстары таныстырылды. Қатысқан барша қызметкерлерге алғыс!