kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Blog

«Ұстаз – ұлы есім» тақырыбында Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара

2025 жылдың 3 қазанында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Студенттік кеңес белсенділерінің ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлы есім» тақырыбында Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Барлық мамандық атаулы ұстаздан басталады. Бұл сөз түрлі саладағы болашақ мамандарды қалыптастыруда ұстаздың маңыздылығын нақты көрсетеді. Ұстаздардың (оқытушылардың) біздің өміріміздегі рөлін асыра бағалау мүмкін емес. Олар бізге жаңа […]

Колледж қызметкерлері жақын маңдағы аумақты жинау бойынша сенбілікке қатысты

02.10.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК қызметкерлері жақын маңдағы аумақты жинау бойынша сенбілікке қатысты. Іс — шара “Таза Қазақстан” республикалық бағдарламасы аясында өткізілді.

Ұстаздар күніне орай видоечеллендж

2025 жылғы 02 қазанда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» КМК 1-2 курс білім алушылары, Ұстаздар күніне орай видоечелленджіне қатысты. Студенттер шығармашылық танытып, ұстаздарын ерекше түрде құттықтап, оларға қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлады. Толығырақ бейнеролигімізде! Құрметті ұстаздар! Сіздерді әрдайым шәкірттеріңіздің құрметі мен сүйіспеншілігі қоршап жүрсін! Сіздің еңбегіңіз баға жетпес! Әрбір студентке көрсеткен қамқорлықтарыңыз, төзімдеріңіз […]

Қарттар күніне арналған концерт

2025 жылғы 1 қазанда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» КМК студенттері Қарттар күніне арналған концертке қатысты. Іс-шара Алматы қаласы Медеу аудандық белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйымдастыруымен өтті. Мерекенің мақсаты – қарт адамдардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару және оларға деген көзқарасты өзгерту. Осындай іс-шаралар Колледж студенттері үшін жақсы дәстүрге айналды. Халықаралық қарттар күні […]

«Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында түсіндіру жұмысы

30.09.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК білім алушыларымен «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шараның мақсаты: білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу. Іс-шараны өткізгендер: • Бисенов С.К. – заңгер; • Каштаева Ш.Е. – тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы. Іс-шара барысында білім алушыларға құқық бұзушылықтың, соның ішінде […]

“Ұлттық ойын — ұлт қазынасы” атты тоғызқұмалақтан турнирі

2025 жылдың 29 қыркүйегінде Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да “Ұлттық ойын — ұлт қазынасы” атты 1-2 курс студенттер арасында тоғызқұмалақтан турнир өткізілді. Тоғызқұмалақ – қазақ ұлттық логикалық үстел ойыны. Ойын математикалық ойлау мен төзімділікті дамытады. Ойын барысында қарсыластар барлық төрт негізгі математикалық әрекеттерді қолданады. Ойын тек санау жылдамдығына ғана емес, сонымен қатар […]

Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және бейресми білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін көрсетуге арналған Тендер (азаматтық-құқықтық шарт)

Ұйымдастырушы мекеме: Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі»  КМК қосымша және бейресми білім беру бойынша оқу-әдістемелік орталығы. 2025 жылдың қазан айына арналған циклдар мен семинар тренингтердің атауы: «Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу » БА  60 сағат / 2 кредит -1 апта «Жүкті әйелдер мен жас балаларға арналған патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделі»  (базалық деңгей, кеңейтілген […]

«Адал еңбек» тақырыбында мотивациялық кездесу

2025 жылғы 26 қыркүйекте Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 курс студенттері үшін «Адал еңбек» тақырыбында мотивациялық кездесу өтті. Құрметті қонақтар: • Юсупова Назира Маусымханқызы – педагог-эксперт, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Еңбек ардагері» атағының иегері. Әр жылдары мейіргер, бас мейіргер, бас дәрігердің мейіргер ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда «Хирургиядағы мейіргер […]

«Достық заңынан асқан заң жоқ!»

2025 жылғы 25 қыркүйекте Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1-курс студенттеріне арналған «Достық заңынан асқан заң жоқ!» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен мотивациялық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастарды рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу, мәдениеттердің алуан түрлілігіне құрметпен қарауды қалыптастыру және ұлтаралық төзімділікті нығайту.  Кездесудің құрметті қонақтары: • Оспанов Болат Мусагажинович – Алматы қ. […]

«Отбасы — адамзат бесігін тербеткен ұя» тақырыбында кураторлық сағаттар

17 — 23.09.2025 ж. аралығында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК–да «Отбасы — адамзат бесігін тербеткен ұя» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақты дәстүрлі отбасылық құндылықтар негізінде рухани — адамгершілікке тәрбиелеу. Бүгінде Қазақстанда отбасы институтын нығайтуға бағытталған жүйелі және кешенді жұмыс жүргізілуде. Отбасы – қоғамның негізгі іргетасы ретінде әрдайым ұлттық құндылықтардың, мәдениеттің […]