kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Жаңадан түскен басылымдар» атты кітап көрмесі

20.09.2023 ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» КМК-ның кітапханасында «Жаңадан түскен басылымдар» атты көрме өткізілді. Колледж кітапхана қызметкерлері Қарлығаш Оңғарбайқызы мен Алия Саякбаевнаның ұйымдастыруымен көрмедегі оқулықтарға таныстырылым жасады.

Колледжімізге маусым айында 35 атау 2218 дана басылымдары келіп түскен болатын.

Көрме қонақтары ЦӘК меңгерушілері мен арнайы пән мұғалімдері қатысып, әр басылымдарға тоқталып өтіп, шолу жасады.

Іс-шарадан соң мұғалімдер жаңа оқулықтарды, абонемент бөлімінде алып, студенттер жаңа оқулықтармен қамтамасыздандырылды.

Көрме 20-30 қыркүйекке дейін жалғасады. Келіп, таныса аласыздар.