“Менің тілім – менің мерейім!» атты мәнерлеп оқу сайысы

2024 жылғы 12 қыркүйекте Алматы қ. ҚДСБ «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК-да халықтар тілдері күнін мерекелеу аясында “Менің тілім – менің мерейім!» атты 1 курс студенттерінің 20 білім алушысы қатысуымен қазақ және орыс әдебиетінің ұлы классиктерінің шығармаларын оқудан мәнерлеп оқу сайысын өткізді.

Бұл мерекенің маңызды аспектісі – тілді үйрену, насихаттау, тілдердің үштұғырлығы, әсіресе мұнда ағылшын тілі халықаралық қатынас тілінің рөлін атқаратынын көрсетеді. Бұл Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа кірігуге және басқа елдермен байланысты нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Тілдер күні – Қазақстанның барлық азаматтарының достығының, туыстық пен бірліктің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – мемлекет құрылысының басты тірегі.

Байқау нәтижелері:
1 орын – Махан Жансая (МІ 24-11 тобы), Быкова София (СД 24-14);
2 орын – Асанов Нұрлыбек (МІ 24-7), Какиева Робина (Л Д 24-2);
3 орын – Сраилова Шахина (ми 24-5), Жардемкел Бекзат (МІ 24-10).