kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Кітапхана

"Кітап – ең сабырлы ұстаз ..."

”Кітапхана – өркениеттің ежелгі және маңызды негіздерінің бірі, құнды білім мен рухани даналықты, ұлттық жадыны, көптеген ұрпақтардың мәдени және ғылыми мұрасын сақтау орны. Біздің колледждің кітапхана қабырғасында студенттер мен оқытушыларды көруге әрдайым қуаныштымыз. Сөредегі әрбір кітап өз оқырманын табады деп үміттенеміз.

Кітапхана төрт бөлімнен тұрады:

  • Абонемент
  • Электронды зал
  • Оқу залы
  • Кітап қоймасы

Кітапхананың жалпы ауданы: 138,9 м2

– абонемент оқырманға қызмет көрсету бөлімі, 24 орындық электронды кітапхана және оқу залы;
– оқу және арнайы әдебиеттің кітап қоймасы.

Цифрлы кітапхана  – 25 кітап QR кодпен

Мобильді кітапхана

2023-2024 оқу жылында абонементте  2 876 оқырман тіркелген.
Жалпы қоры 40 154 дана мемлекеттік тілде 27 690 дана
Оқу-әдістемелік ісінің электронды нұсқалары 555 дана
Жаңа қабылдау – 2240 дана.

Кітапхана өз қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кітапхана ісі мәселелері жөніндегі бұйрықтарын, бастауыш және орта кәсіптік білім беру кітапханасы туралы типтік ережелерді басшылыққа алады. Кітапхана өз жұмысын бекітілген жылдық жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырады. Қорды есепке алуды, сақтауды және сақтауды қамтамасыз ету үшін кітапханада істер номенклатурасына сәйкес құжаттама жүргізіледі

Штатта 2 маман жұмыс істейді:

Исаева Қарлығаш Оңғарбайқызы – Кітапхана меңгерушісі

Білімі: жоғары, Аль-Фараби атындағы КазМҰУ                                                  
Мамандығы: «Журналист» 2001 ж.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі 2 – санатты кітапханашы
2014 жылы аттестациядан өтті.
2018 жылы Республикалық ғылыми педагогикалық кітапханада «Кітапхана ісі және библиография» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды.

Тайшибекова Алия Саяқбайқызы – Кітапханашы

Білімі: жоғары,  АМУ. Абай атындағы университет
Мамандығы: «География – Экология» 1994 ж.
Біліктілігі жоғары  деңгейдегі 2 – санатты кітапханашы
2017 жылы аттестациядан өтті.
2018 жылы Республикалық ғылыми педагогикалық кітапханада «Кітапхана ісі және библиография» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды.

Ұйымдастырылған іс-шаралар:

  1. «Колледж – менің екінші үйім». Колледж ұстаздарының жазған оқулықтар көрмесі (12.03.2024)
  2. «Дүниежүзілік дауыстап оқу күніне» орай акция (04.03.2024)
  3. Халықаралық кітап сыйлау күні аясында «Оқы және өзгеге сыйла» буккроссинг челленджі (14.02.2024)
  4. «Стоматология» пәні бойынша оқулықтардың кітап көрмесі. Халықаралық стоматолог күні (09.02.2024)
  5. Мұқағали Мақатаевтың еңбектерінің кітап көрмесі. «Бүгін менің туған күнім» атты поэзия кеші (08.02.2024)
  6. «Тәуелсіздік – еліміздің ерлік жолы» атты кітап көрмесі (14.12.2023)
  7. ЖИТС-пен Халықаралық күрес күніне орай жұқпалы аурулар бойынша қазақстандық ғалымдардың, оның ішінде біздің оқу орнымыздың оқытушыларының еңбектерінің кітап көрмесі (01.12.2023)
  8. Шарғын Алғазыұлының 120 жылдығына арналған «Алаш рухты ақын» тақырыбында ашық тәрбие сағаты (10.11.2023)
  9. Республика күнге арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» кітап көрмесі (24.10.2023)
  10. «Кітап – ең сабырлы ұстаз. Ал кітап жазған ұстаз ол – Ұлы Тұлға» атты кітап көрмемісі (05.10.2023)
  11. «Поэзия – прекрасная страна» тақырыбында оқырмандар байқауы (20.09.2023)
  12. «Жаңадан түскен басылымдар» атты кітап көрмесі (20.09.2023)
  13. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениет саласының үздігі, “Үздік балалар ақыны” атағының иегері Әбдірахман Асылбектің 85 жылдығына арналған «Жырлары жүректі жаулаған» атты әдеби сазды кеші (03.05.2023)
  14. Дүниежүзілік «Дауыстап оқу» күніне орай және «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармаларын дауыстап оқу сайысы (02.03.2023)
  15. Қазақ поэзиясының ақиық ақыны ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевқа арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби сазды кеші (21.02.2023)
  16. Халықаралық кітап сыйлау күні (14.02.2023)
  17. Халықаралық стоматологтар күніне арналған «Мамандығым – мақтанышым» атты іс-шара / «Оқуға құштар колледж» атты кітап көрмесі (10.03.2023)
  18. Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 111 жылдығына орай «Ұлы тұлға – Ұлағаты» атты көрмесі (31.01.2023)
  19. «Оқы және өзгеге сыйла» атты буккроссинг акциясы  (20.12.2022)
  20. «Wiley online library» шетелдік кітапханасымен және «Cochrane library» кітапханасымен жұмыс істеу бойынша вебинары (15.12.2022)
  21. Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай кітап көрмесі (01.12.2022)
  22. «Аты аңызға айналған ару!» әдеби-сазды кеші (09.10.2022)
  23. «Егеменді елдің еңсесі биік» атты танымдық кітап көрмесі (20.10.2022)
  24. Кітапхананың Ашық есік күні (22.09.2022)
  25. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына арналған «Асыл дарын, алтын тұлға, ұлттың көсемі» атты танымдық кітап көрмесі (31.03.2022)
  26. ҚР тұңғыш Президент күніне орай кітап көрмесі (01.12.2021)
  27. «Кел балалар оқылық» атты кітап көрмесі (12.11.2021)
  28. «Діни экстремизмге, жол бермеу бас міндет» тақырыбындағы кітап көрмесі (26.02.2021)