20.04.2021 ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында “Қазақстан Республикасының рәміздері – ұлттық мақтанышымыз” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін жинақтау; танымдық қызығушылықты дамыту, Мемлекеттік рәміздер туралы ой-өрісін кеңейту; отансүйгіштік сезімін және өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.



