2024 жылғы 29-31 қазан аралығында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да 1 курс студенттерінің ата-аналары үшін «Құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті дамыту», «Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг» тақырыптарында жиналыстар өткізілетін болады.
Іс-шараның мақсаты: әлеуметтік желілердегі агрессивті мазмұнның және жасөспірімдердің психикасына әсер етуі мүмкін заманауи мобильді ойындардың ықтимал теріс әсері туралы ата-аналардың хабардарлық деңгейін арттыру.
29.10.2024 ж. өткізілген жиналыста Колледж директоры Ж.М. Молдакулов, тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің басшысы Ш.Е. Каштаева, Медеу ауданы ПБ-нің аға лейтенанты Д.С. Отар, “Мейіргер ісі” бөлімінің меңгерушісі К.Д. Каримбаева, колледждің педагог-психологтары К.А. Атабай және А.К. Жумабай сөз сөйледі.
Ата-аналар мен жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі мен әкімшілік жауапкершілігі, эмоционалды қолдау әдістері, сондай-ақ жасөспірімдердің интернетті пайдалануын шектеу бойынша ұсыныстар талқыланды. Бұл жеке кеңістікті бұзу емес, сақтық шарасы және сіздердің ата-анаңыздың жауапкершілігі мен қамқорлығының көрінісі екенін түсіну керек.