kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Ұлттық спорт ойыны арқан тарту

Ұлттық спорт күнін мерекелеу аясында 2024 жылғы 19 наурызда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК – да ұлттық спорт ойыны арқан тарту өткізілді.

Арқан тарту – ұлттық ойын. Арқан тартыс ойыны адамдарды шымырлыққа, ептілікке үйретеді. Дененің қимыл-қозғалысын ширатуда ешбір спорт түрінен кем түспейді. Сонымен бірге балалардың зердесін дүние-танымын кеңейтетін бірден-бір ойын.

Қазақ халқы ежелгі заманнан бері барлық мерекелерде жарыстар ұйымдастырды. Бүгінде Қазақстанда ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылық қайта жандануда, олардың ішінде:

  1. Аударыспақ;
  2. Асық ату;
  3. Бәйге;
  4. Жамбы ату;
  5. Жекпе-жек;
  6. Көкпар;
  7. Қазақша күрес;
  8. Аңшы құстармен аң аулау;
  9. Тоғызқұмалақ.

Барлық студенттерге қатысқандары үшін Алғыс білдіреміз және жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық пен амандық тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!