kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Республикалық домбырашылар челленджі

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтай отырып, Елбасының бастамасымен домбыраны ұлықтау мерекесін өткізу игі дәстүрге айналғанын айтты.

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК ұйымдастырылып отырған республикалық домбырашылар челленджін қолдаймыз. Сол себепті, колледжіміздің аспаптар клубының мүшелері Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым» күйін орындады. Бұл күй қазақтың сұлу қыздарының жиынтық бейнесі туралы. «Қазақ қыздары қандай сұлу! Жүрiсi қандай, тұрысы қандай!» екендігін көрсетеді.

Челлендж Наурыз мерекесін ең жарқын және есте қаларлық оқиғалардың біріне айналдырады.

Челлендждің мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау.

Челлендждің міндеттері – қазақ халқының музыкалық мәдениетіне білім алушылардың қызығушылығын ояту, орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, қазақ халық аспаптары туралы білімдерін кеңейту, домбырада музыка орындаудың ұжымдық түрлерін жетілдіру.