kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Қайырымдылық күні

«Ayalaiq» еріктілер клубының студенттері, Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК  оқытушылары Б.Р.Давибаева, Г.А.Нышанованың жетекшілігімен қаламыздың, Медеу ауданында тұратын еңбек ардагерлерінің бірінің үйіне барды.

Студенттер үйдің ауласын тазартуға және отын жарып, жинауға көмектесті. Бұл акция қайырымдылық күнін мерекелеу аясында өткізілді. Бұл күн бүкіл ел бойынша қайырымдылыққа, мейірімділікке және тату көршілікке арналған. Осындай акциялар мен іс-шараларды өткізу қоғамда жанашырлық пен өзара көмек сияқты құндылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.