kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

ҚР Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні

18.03.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да ҚР Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Өткеннің мұрасы, дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, тілі, өмір салты-ұлттың мәдени-генетикалық кодын бейнелейді. Қазақ халқының дәстүрлері сан алуан және әр түрлілігімен ерекшеленеді. Олар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды. Кейбір дәстүрлер өмір сүрудің тәжірибелік дағдыларын дамытуға көмектесті, басқалары қасиетті мағынаға ие болды, кейбіреулері қарым-қатынас пен әлеуметтенуді дамыту үшін құрылды, ал кейбіреулері қазақ халқының мәдениеті мен оның бірегейлігін қалыптастыруға негіз болды.

Міне, бүгін №5 «Мейіргер ісі» ЦӘК оқытушылары мен МІ 21-3, МІ 22-13 топтарының студенттері қазақтың ұлттық дәстүрлерін насихаттауға өз үлестерін қосу үшін керемет концерттік бағдарлама дайындады.