kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Колледж – менің екінші үйім»

12.03.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК іргетасының құрылғанына биыл 43 жыл толуына орай «Колледж – менің екінші үйім» атты іс-шара өтті.

Іс-шара мақсаты: колледждің құрылу тарихын білімгерлер білсін деген мақсатта ұйымдастырылды.

Бүгінгі қонақта колледждің алғашқы ұстазы, білікті маман, ардагер ұстазымыз Карбаева Майране Сейдахметовна өз естеліктерімен бөлісті.

МІ 23-7 топ студенттері Жасұзақ Іңкәр және Адил Балауса колледж тарихына шолу жасады. Колледжіміздің тарих пәнінің мұғалімі Абдрахманова Калима Даулетовна коледж тарихын жинақтап қойған мұражайымен таныстырды.

Кітапхана қызметкері Тайшибекова Әлия Саяқбаевна колледж ұстаздарының жазған оқулықтар көрмесін ұйымдастырды.