kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Алғыс айту күні

1 наурыз – Алғыс айту күні. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да студенттер колледж ұжымына өз алғыстарын білдіруде.

Еліміздегі әрбір этностың бастан кешкен тағдыры олардың діліне де әсер етіп, ортақ құндылықтар мен мұраттарды қалыптастырды. Осылайша алғыс айту күні түрлі мәдениет пен патриотизмнің мерекесіне айналды.

Мақсаты: Бұл мереке көпұлтты елдің халықтары арасындағы достық, мейірімділік пен келісімнің көрінісін үлгі етуге бағытталған. Ел тұрғындарының бір-біріне және қазақ халқына төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғысын білдіретін күн болып саналады.

Колледж әкімшілігі Сізді 1-Наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтайды. Баршаңызға мың алғыс және көп-көп Рахмет!!!