kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Студенттер арасында тоғызқұмалақтан турнирі

2024 жылғы 23 ақпанда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Алғыс айту күніне орай студенттер арасында тоғызқұмалақтан турнир өткізілді.

Тоғызқұмалақ – қазақ ұлттық логикалық үстел ойыны. Ойын математикалық ойлау мен төзімділікті дамытады. Ойын барысында қарсыластар барлық төрт негізгі математикалық әрекеттерді қолданады. Ойын тек санау жылдамдығына ғана емес, сонымен қатар тактикаға да негізделген. 2020 ж. ЮНЕСКО бұл ойынды материалдық емес мұралардың өкілдік тізіміне енгізді.

Турнирдің төрешілері колледждің дене шынықтыру оқытушылары: Идришев Р.Б., Сұлтанов М.Қ., Қази А.Т., Қайыржанқызы Т., Нұрманов Д.А., Файзулла А.Ф.

Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орынға «МІ 20-6» тобының студенті Әшімбек Аяулым иеленді;
2 орын – Барат Сая «Лаб 21-7»;
3 орын – Асан Нұрболат «МІ 22-13».

Жарыстың әр қатысушысына қатысқаны үшін алғыс білдіреміз және турнир жеңімпаздарын құттықтаймыз!