kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Жастар Рухы» ЖҚ филиалының төрағасымен кездесу

20.02.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 2 курс студенттерімен Алматы қ. «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ филиалының төрағасы Кеңесов Әкежан Бақытұлы мен Медеу аудандық филиалының төрайымы Тұрдалы Нұргүл Нұрдәулетқызымен кездесу өтті.

«Жастар Рухы» ЖҚ мақсаты: Қазақстандағы барлық жастардың басын біріктіруге күш салу. Жастарға рух беретін басты ұйымға айналып, олардың бойында еңбекқорлық, білімге ұмтылыс және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Біздің колледжде студенттік кеңестің құрамында 16 студенттік клуб белсенділері жұмыс істейді, мысалы: театр, аспаптар, тілдер, пікірталас, волонтерлік және т.б. “Жастар Рухы” ЖК Медеу филиалы өткізетін экологиялық, қайырымдылық және басқа да акцияларға жыл сайын еріктілер клубының мүшелері қатысады.

Кездесу соңында А.Б. Кеңесов пен колледж директоры Ж.М. Молдакулов ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.