kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуі

16.02.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да студенттердің Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуі өтті.

Кеш қонақтары:
• Танабаев Алтынбек Нурманович – Алматы қ. Медеу ауданы Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы;
• Мырзакулов Мухан Мухамежанович – Алматы қ. Медеу ауданы Ауған соғысы ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары.

Кездесу мақсаттары:
– білім алушылардың 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысы туралы білімдерін кеңейту;
– әскери борыш пен Отанға адалдық, ар-намыс, батылдық және жанқиярлық туралы түсінік қалыптастыру.

Ауғанстандағы халықаралық борышын өтей отырып, КСРО Қарулы Күштерінің 14 427 адамы қаза тапты, жауынгерлік әрекеттер кезінде 53 000 – нан астам адам жарақат алды немесе контузияға ұшырады. Қазақ КСР – 9 947 адам қаза тауып, 1 770 адам жарақат алды.

Шараны Алматы қ. Медеу ауданы әкімдігінің мәдениет бөлімінің үйлестіруімен, алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушылары М.М. Рахметжанов, А. А. Нүсіпбек, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Е.Е. Тәжиев, 1 және 2 курс студенттері ұйымдастырды.