kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Мағжан оқулары»

16.01.2024 ж. «Мың бала зияткерлік орталығы» жалпы орта білім алушылары, колледж және ЖОО студенттер арасында «Мағжан оқулары» республикалық конкурс ұйымдастырылды.

Олимпиаданың мақсаты – Мағжан ақынның өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның рухани мұрасын, ақын өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау.

Бұл олимпиадаға Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенттері қатысты, олардың жұмыстарын байқаудың қазылар алқасы төмендегідей бағалады:
• Д 22-08 тобының студенті Савлетджан Мағжан «Мағжанға арнау» өзінің шығармасын жазып 1 орын иеленді;
• «Мен жастарға сенемін» шығармасымен 1 орын ЕІ 23-2 тобының студенті Хамет Каусар иеленді;
• «Туған жер» шығармасымен 2 орын ЕІ 23-2 тобының студенті Ербол Мерей иеленді.

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ж.Б. Ахымбекова, Е.Е. Тажиев жетекшілігімен «Мағжан оқулары» конкурсына шәкірт бойындағы дарынды шыңдауға ат салысып, білім саласына қосқан үлесі үшін «Алғыс хатпен» марапаталды.

Студенттеріміз бен жетекшілерінің жұмыстарын жоғары бағалағандарымен құттықтаймыз! Біз барлық студенттерді біздің үміткерлерімізден үлгі алуға, колледждің қоғамдық және ғылыми өмірінде белсенді болуға шақырамыз!