kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Келе жатқан жаңа жылыңызбен!

Құрметті достар! Сіздерді келе жатқан Жаңа 2024 жылмен құттықтаймын!

Өткен жылды қорытындылай келе, әрбір оқытушыға, қызметкерге, студентке және түлекке біздің Колледждің дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтқым келеді!

Студенттерге 2024 жыл оқуда көбірек жеңістер мен табыстар әкелгенін тілеймін. Биылғы жыл жарқын әсерлер мен жақсы оқиғаларға толы болсын, Сіздерге сәттілік сыйласын және жетістіктеріңізді арттырсын. Сөзбен және іспен қолдауға дайын сенімді достарыңыз әрқашан қастарыңызда болсын!

Біздің ұжымға қажырлы еңбегі үшін зор алғысымды білдіргім келеді! Сіздерге амандық пен кәсіби өсуді тілеймін! Біз тек бірігіп қана алға жылжып, уақытша қиындықтардың шешімін тауып, алға қойылған міндеттерге қол жеткізе аламыз!

Баршаңызға Жаңа жылды отбасыңыздың ортасында жарқын және көңілді қарсы алуды тілеймін! Түн ортасында, сағат қоңырауы соққан кезде, өздеріңіздің ең маңызды тілектеріңізді айтуды ұмытпаңыздар, олар міндетті түрде орындалады!

Құрметпен Молдакулов Жумахан Мукашович – Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК директоры.