kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

TedX форматында кездесу

2023 жылғы 27 желтоқсанда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Sanaly Urpaq» еріктілер клубы және комплеанс-офицер С.Ж. Каменов ұйымдастырған TedX форматында кездесу өтті.

Кездесу қонағы: Дәуренов Ұлықбек Еркешбайұлы – “SHAMSHYRAQ” ғылыми-зерттеу орталығының директоры, біздің колледждің №2 “Жалпы кәсіптік пәндер” ЦӘК “Анатомия және физиология”, “Жалпы патология” пәндерінің оқытушысы.

Іс-шараның мақсаты: өз еліне адал және парасатты қызмет ету, жастардың дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

TedX форматындағы кездесулер біздің колледжде жыл сайын өткізіледі. Бұрын блогерлер, жас кәсіпкерлер және т.б. студенттермен өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Мәлімет үшін. 1984 жылы АҚШ-та алғашқы TedX конференциясында тыңдаушыларға жасанды интеллекттің алғашқы моделді «Macintosh» компьютері, «Sony» ұсынған жаңа компакт-диск таныстырылды.