kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Тоғызқұмалақтан турнир

2023 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да студенттер арасында тоғызқұмалақтан турнир өткізілді.

Тоғызқұмалақ – қазақ ұлттық логикалық үстел ойыны. Ойын математикалық ойлау мен төзімділікті дамытады. Ойын барысында қарсыластар барлық төрт негізгі математикалық әрекеттерді қолданады. Ойын тек санау жылдамдығына ғана емес, сонымен қатар тактикаға да негізделген. 2020 ж. ЮНЕСКО бұл ойынды материалдық емес мұралардың өкілдік тізіміне енгізді.

Турнирдің төрешісі жоғары санатты дене шынықтыру оқытушысы Р.Б. Идришев.

Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орынға «МІ 23-8» тобының студенті Ержан Еркежан иеленді;
2 орын – Асаттула Нурдаулет «МІ 23-02»;
3 орын – Алпысбай Жасмин «MI 23-8».

Жарыстың әр қатысушысына қатысқаны үшін алғыс білдіреміз және турнир жеңімпаздарын құттықтаймыз!