kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Ұмытылмас Желтоқсан» тақырыбына ашық тәрбие сағаты

2023 жылдың 14 желтоқсанында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК №1 «Жалпы гуманитарлық пәндер» оқытушылары мен ЕІ 23-1, ЕІ 23-4 және МІ 22-4 топ студенттері «Ұмытылмас Желтоқсан» тақырыбына ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды.

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздік алу жолында Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алып, оларға тағзым ету, олардың ерлігін дәріптеу.

Соңғы кездері болған барлық оқиғалардан кейін тәуелсіздіктің қаншалықты маңызды екенін түсінетін жастар көбейіп келеді. Қазақстан өзінің егемендік жолының алғашқы күндерінен бастап қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларында ауқымды жетістіктер мен табыстарды айқындайтын даму мен өркендеудің сенімді жолында болды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасының барлық салаларында сапалы жаңа белестерге қол жеткізді.