kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Жаса, жайна Тәуелсіз Қазақстан»

2023 жылы 14 желтоқсанда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Жаса, жайна Тәуелсіз Қазақстан» атты қазақстандық патриотизм мен азаматтық мәдениетті қалыптастыру әдеби кеші ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қазақстан тарихында желтоқсан оқиғасының алатын орнын ашып көрсету. Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді осы тәуелсіздікке жету жолында еліміздің жеткен жетістіктерін жастарға жеткізе ұғындыру. Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдеби кеште колледжінің кітапхана қызметкері Тайшибекова А.С. студенттерді «Тәуелсіздік – еліміздің ерлік жолы» атты кітап көрмесімен таныстырады.

Жас ұрпақтың отансүйгіштікке, жауапкершілікке, адалдыққа, мемлекеттік тілге құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған іс-шараны ұйымдастырушылар: № 1 ЦӘК оқытушылары Тажиев Е.Е., Садыкова И.Т., Кусаиновна Г.К.