kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«ЖИТС – XXI ғасыр індеті»

2023 жылғы 01 желтоқсанда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да ЖИТС-пен Халықаралық күрес күніне орай «ЖИТС – XXI ғасыр індеті» атты ашық сабақ ұйымдастырылды.

Ашық сабақтың мақсаты: студенттерде АИТВ-инфекциясы және ЖИТС туралы объективті білім жүйесін қалыптастыру; өз денсаулығына саналы және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

«MI 20-3» тобының студенттері медициналық пунктің мейірбикесі Тажиева Улдан Аманхановнаның жетекшілігімен АИТВ/ЖИТС алдын алу тақырыбында баяндамалар дайындады.

Колледж кітапханашысы Тайшибекова Әлия Саяқбайқызы жұқпалы аурулар бойынша қазақстандық ғалымдардың, оның ішінде біздің оқу орнымыздың оқытушыларының еңбектерінің кітап көрмесін ұйымдастырды, олармен кез келген адам таныса алады.