kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

“Білім берудегі жасанды интеллект: жай-күйі, проблемалары, болашағы”

2023 жылғы 17 қарашасында “Сымбат” дизайн және технология институты АГЭУ-де студенттер мен магистранттардың “Білім берудегі жасанды интеллект: жай-күйі, проблемалары, болашағы” атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Конференцияның негізгі мақсаты: зерттеу дағдыларын қалыптастыру, студенттердің ғылыми қызметін жандандыру.

Конференцияға жақын және алыс шетелдердің: Түркия, Венгрия, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Беларусь және қазақстандық жоғары оқу орындарының аспиранттары, магистранттары мен студенттері қатысты.

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК атынан конференцияға “ЛД 23-6”тобының студенті Ольга Попова қатысты. “Қазіргі ғылым және оның негізгі мәселелері” атты баяндамасымен Ольга конференция қорытындысы бойынша II дәрежелі сертификатпен марапатталды.