kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәрі» плакаттар байқауы

2023 жылғы 17 қарашада Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәрі» плакаттар байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқау «Sanaly Urpaq» студенттік клубының жоспарына сәйкес өткізілді. Байқаудың мақсаты: осы құбылысты барабар талдау және жеке бағалау дағдыларын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.

Байқау нәтижелерін қазылар алқасының келесі мүшелері бағалады:
• Арыстанов М.Б. – директордың ұйымдастыру-экономикалық қызмет жөніндегі орынбасары;
• Амрина Г.А. – ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы;
• Каменов С.Ж. – комплаенс-офицер;
• Сағыныш А.А. – «ЕІ 22-1» топ студенті;
• Асхатқызы З. – «СД 22-13» топ студенті.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделер келесідей бөлінді:
1 орын – «МІ 23-7» тобы;
2 орын – «ЛД 23-6» және СД «23-21» топтары;
3 орын – «МІ 23-8», «МІ 22-4», «МІ 23-12» топтары.

Жеңімпаздарды және байқаудың барлық қатысушыларын құттықтаймыз! Біздің студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін тағы да көрсетті! Баршаңызға қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз!