kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

География пәнінен пәндік олимпиада

2023 жылғы 24 қазанда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенттері Республикалық қашықтықтан олимпиадалар орталығы ұйымдастырған география пәнінен пәндік олимпиадаға қатысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – география және Жер туралы ғылымдардың жетістіктерін тарату және насихаттау, білім алушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, географияға, геоэкологияға және қоршаған ортаны қорғауға қызығушылық танытатын дарынды білім алушыларды іздестіру және қолдау.

Олимпиадаға қатысқан «СД 23-7» тобының студенті Адил Балауса «Жаһандық экологиялық проблемаларды шешудің әлемдік тәжірибесі» тақырыбында эссе қорғап, барлық қосымша сұрақтарға жауап беріп, жоғары марапат – 1 орын алды.🥇

«СД 23-7» тобының студенті Алина Турусбек «Геосфераның ластануы» тақырыбында презентация қорғап, 2 орынға ие болды.🥈