kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Ұлтын сүйген – ұлы жүрек Мағжан Жұмабаев!» әдеби кеші

2023 жылы 03 қарашада Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Алаш» қозғалысының қайраткері, ақын қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ұлтын сүйген – ұлы жүрек Мағжан Жұмабаев!» әдеби кеші ұйымдастырылды.

Мақсаты: Жыр пырағы – Мағжан туралы деректер беру, өмірі мен поэзия жанрындағы еңбектерінен мағлұмат беру. Ақын шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным – біліктерін шыңдау, ой-өрісін арттыру, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.

Мағжан Жұмабаев – тамаша қазақ жазушысы, ақын, публицист, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушысы. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы, қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында – ақ Еуропа орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. Ақынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы жырлары халқымыздың жүрегіне жол тауып, руханиятымыздың алтын қорына енді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: № 1 ЦӘК оқытушылары Тажиев Е.Е., Джамалдинова З.Б., Шапулатова Р.Т., Кушербаева А.С., Садыкова И.Т. және тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімі.