kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем!»

23.10.2023 ж. Алматы қ. КДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем!» атты іс-шара өтті. 25 қазан – Республика күнге арналған іс-шарға шығармашылық нөмірлер дайындаған 23-16 «ЛД», 23-10 «МІ», 23-11 «МІ», 23-05 «МІ» топтарының студенттерді қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Тажиев Е.Е. дайындап, ұйымдастырды.

Мақсаты:

  • Студенттерді Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
  • Студенттерге патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Республика күнге арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» кітап көрмесімен Тайшибекова Алия Саяқбайқызы таныстырып, кітап оқуға шақырды.

25 қазан біздің еліміз үшін шын мәнінде тарихи маңызы бар. Республика күні тәуелсіздікке алғашқы қадам болды, ал егемендік туралы декларация ҚР конституциясы мен оның заңдарының үстемдігін жариялады. Бүгінде, ұлттық мереке мәртебесін қайтару – Қазақстанның орнықты даму, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту қағидаттарын ұстанатынын растайды.