kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Абайтану» олимпиадасы

2023 жылдың 5 қазанда Республикалық «Мұрагер» журналының ұйымдастыруымен колледж 1-4 курс студенттері арасында «Абайтану» онлайн олимпиадасы өтті. Мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын өскелең ұрпаққа, ұлттық құндылықтарды насихаттау, патриоттық сезімді ұялату.

Бұл олимпиадаға Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК «Оқуға құштар колледж» жобасының аясында студенттері қатысты, олардың жұмысын конкурстың қазылар алқасы «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинация бойынша төмендегідей бағалады:

  • Қайратқызы Айым бас жүлдемен марапатталды.
  • Мамиев Аян – бас жүлде.
  • Нұрлан Гүлназ – 1 орын.
  • Сламжан Әділет – 1 орын.
  • Арын Ақерке – бас жүлде.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Тажиев Ербол Елғондыұлы мен Ахымбекова Жазира Байжановна «Абайтану» олимпиадасына шәкірт бойындағы дарынды шыңдауға ат салысып, білім саласына қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Студенттеріміздің, сондай-ақ олардың ғылыми жетекшілері жұмыстарын жоғары бағалағандарымен құттықтаймыз! Біз барлық студенттерді біздің үміткерлерімізден үлгі алуға, колледждің қоғамдық және ғылыми өмірінде белсенді болуға шақырамыз! Бұл жеңіс әлі де алда көп жеңістердің бірі болсын, деп тілейміз!