kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Тажиев Ербол Елғондыұлы «Білім беру саласының үздігі» медалімен марапатталды!

«Кәсіби қазақ тілі» әдістемелік журналы жас ұрпақтың патриотизмге тәрбиелеу мақсатында ҚР қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушыларының арасында байқау ұйымдастырды. Бұл байқауға Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Тажиев Ербол Елғондыұлы қатысып:

  • «Жаңа Қазақстанда – адал патриоттар!» – тәрбие сағаты;
  • «Әлемді өзгерткен ұлы жаңалықтар. Публицистикалық стиль» – ашық сабақтың жоспары;
  • «Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу мәселесі» атты мақаласын жіберді. Соңғысы www.patriot-tulga.kz сайтқа жарияланды.

Ербол Елғондыұлы – Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетің түлегі, жалпы педагогикалық өтілі 15 жыл, оның 6-шы жылы біздің колледж студенттеріне сабақ беріп, өз білімімен бөлісуде, одан бұрын кәсіптік лицейде және орта мектепте еңбек етті.

Байқауның нәтижесінде Ербол Елғондыұлы «Білім беру саласының үздігі» медалімен марапатталды. Колледж әкімшілігі мен оқытушылары Cіздің еңбегіңіз бен жетістіктеріңізді лайықты мойындалуымен құттықтайды! Сізге кәсіби қызметте одан әрі табыс тілейміз!