kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

“Ұстаз – ол Ұлы тұлға!” атты тәрбие сағаты

04.10.2023 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да ұстаздар мерекесіне орай “Ұстаз – ол Ұлы тұлға!” атты тәрбие сағаты өтті.

Ұстаз – қандай қасиетті сөз. Ұстаз деген ұлық есім. Адамзатқа білім беріп қана қоймай, қаламын алып, кітап жазған ұстаздарымызға бас иеміз.

Бүгінгі тәрбие сағатында «Оқуға құштар колледж» жобасының аясында «Кітап – ең сабырлы ұстаз. Ал кітап жазған ұстаз ол – Ұлы Тұлға» атты көрмемізде колледжіміздің ұстаздарының жазған кітаптарымен кітапханашы Алия Саякбаевна таныстырды.

Денсаулық сақтау ісінің үздігі, еңбек ардагері, жоғарғы санатты оқытушы, медициналық колледжге арналған көптеген оқулықтардың авторы, №4 «Арнайы пәндер» циклдік әдістемелік комиссиясының аға оқытушысы Карбаева Майране Сейдахмедовна қонақта болды.

Емдеу ісі 23-1 тобының студенттері кураторы И.М. Джумагулованың басшылығымен ұстаздарға арнап, өлең оқып, ән шырқады, ізгі тілектерін айтты.

Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын!

#оқуғақұштарколледж #читающийколледж