kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Найманбаева Гульназ Болатовнаға алғыс хатпен марапатталды!

Қазіргі қоғамда мұғалім – ұрпақтар арасындағы байланыстырушы, жаңашыл, зерттеуші. Оқытушы қазіргі қоғамның қағидаттары мен құндылықтарына сәйкес жастардың рухани әлемін қалыптастырады.

2023 жылғы 04 қазанда кәсіби мереке – Мұғалімдер күні қарсаңында Алматы қ. Медеу ауданы әкімінің орынбасары Нурлыбаев Айдос Аскарович Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның №2 «Жалпы кәсіптік пәндер» ЦӘК төрайымы Найманбаева Гульназ Болатовнаға «Ұлт мәртебесін, ел абыройын асқақтататын білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбегіңіз бен қадірлі қызметіңіз үшін» алғыс хатын табыс етті.

Найманбаева Гульназ Болатовна – биология ғылымдарының магистрі, биология және медициналық биология пәнінің оқытушысы, жалпы педагогикалық өтілі 13 жыл, оның 12-сі біздің колледж студенттеріне сабақ беріп, өз білімімен бөлісуде.

Гульназ Болатовна, Колледж әкімшілігі мен оқытушылары сіздің еңбегіңіз бен жетістіктеріңізді лайықты мойындалуымен құттықтайды! Сізге кәсіби қызметте одан әрі табыс тілейміз!