kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Қамқор» әлеуметтік үйінде концерттік бағдарлама

1 қазан Қарттар күніне орай, 2023 жылдың 3 қазан айында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі және № 5 «Мейіргер ісі» ЦӘК оқытушылары және колледждің белсенді топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Мейірімді жүрек» үйірмесінің қатысуымен «Қамқор» әлеуметтік үйіне концерттік бағдарламамен барды.

Концерттік бағдарламада білімгерлер ән, күй, би, тақпақтар орындады. Оқытушыларымыздың атынан мерекеге орай сыйлықтар табысталды. Қарияларымыз өз ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді.

Білімгерлерді апару мақсатымыз бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасының, салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.