kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

A journey into the world of languages» тақырыбында 1 курс білімгерлерінің қатысуымен сайысы

2023 жылдың 21 қыркүйегінде Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Қазақстан Республикасы халықтарының «Тілдер мерекесіне» орай «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы» атты тілдер апталығы аясында шет тілі пәні оқытушылары Джумагулова И.М. мен Боранбаева Қ.Б. ұйымдастыруымен «A journey into the world of languages» тақырыбында 1 курс білімгерлерінің қатысуымен сайыс өткізілді.

Сайысты өткізудегі басты мақсат білімгерлердің қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып, дүниетанымдық көзқарастарын және тіл үйренуге қызығушылықтарын дамыту болды. Сайыс барысында білімгерлер мақал мәтелдерді айту, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, елтану тақырыптарындағы сұрақтарға жауап беру, мем құрастыру сынды тапсырмаларды орындады.

Сайыс нәтижелері бойынша:
• 1 орын – Тоқтабекова Дария (ЕІ 23-6);
• 2 орын – Сембек Айша (ЕІ 23-3);
• 3 орын – Құсанов Диар (ЕІ 23-3).

Сайыс жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз! Осы сайысқа дайындалудағы қажырлы еңбектеріңіз бен тілге деген құштарлықтарыңыз үшін алғыс айтамыз!