kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты мерекелік концерті

2023 жылғы 02 маусымда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК акт залында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты мерекелік концерт өтті.

Ұйымдастырушы: тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімі, №1 ЦӘК оқытушылары Турлыбаева Гулнур Байзаковна, Даутова Зульфира Амирдиновна.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!