Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК «Даму» Ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС Басқарма төрайымы Киль Наталья Валерьевнаға студенттер мен оқытушыларды «Damumed» бағдарламасында жұмыс істеуге оқыту үшін ұйымдастыру техникасын (екі дербес компьютер жиынтығы және екі принтер) ақысыз негізде ұсынғаны үшін алғысын білдіреді.
Damumed — бұл медициналық қызметкерлер мен пациенттерге медициналық цифрлық сервистерді ұсынатын қазақстандық жеке IT-компаниялар тобы және бағдарламалық өнімдер желісі. «Даму» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС алғашқы борлып ҚР-да дәрігерлер үшін бұлтты медициналық ақпараттық жүйені және пациенттерге арналған мобильді қосымшаны шығарды, медициналық көмек көрсету процесіне барлық қатысушылар тартылған толыққанды цифрлық медициналық экожүйені құрды.