kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Мейірбике ісіндегі инновациялар және заманауи ғылыми жаңалықтар»

Ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын талантты студенттерді анықтау және қолдау мақсатында 2023 жылғы 26 мамырда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Мейірбике ісіндегі инновациялар және заманауи ғылыми жаңалықтар» атты студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Ғылыми-практикалық конференцияға 14 студент қатысты. Барлық 14 студент колледждің үйірме жұмысына белсенді қатысады. Конференция қорытындысы бойынша дипломдар табысталды:

1 орын – Қасен Рамазан;
2 орын – Айбынқызы Мадина;
3 орын – Карл Мейірім.

Үздік жұмыстар келесі номинациялармен марапатталды:
• «Үздік презентация» – Садыкова Тахмина.
• «Бастапқы есеп үшін» – Сеит Улдана.
• «Тақырыптың жаңалығы үшін» – Ануарбекова Асель.
• «Жас зерттеуші» – Советбеков Алишер.
• «Салауатты өмір салты идеяларын насихаттау үшін» – Толепбаева Айгерим.

Конференцияның барлық қатысушыларына қатысу сертификаттары табысталды.