kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Мағжан оқулары» онлайн олимпиадасы

2023 жылдың 15 мамырында Республикалық «Мұрагер» журналының ұйымдастыруымен колледж және мектеп мұғалімдері, студенттері арасында «Мағжан оқулары» онлайн олимпиадасы өтті.

Байқаудың мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын өскелең ұрпаққа, ұлттық құндылықтарды насихаттау, патриоттық сезімді ұялату.

Олимпиадаға Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК студенттері қатысты, олардың жұмысын конкурстың қазылар алқасы төмендегідей бағалады:

  • 1-дәрежелі диплом Мұхаметқазы Диарға берілді «МІ 22-7» тобы, Асан Азиза «МІ 22-6», Нұрмұхамет Нұрай «МІ 22-13» және Ильясова Айару «МІ 22-7» марапатталды.
  • 2-дәрежелі дипломмен: Тағайбек Зухра «МІ 22-7», Абдурашид Айжан «МІ 22-10», Мұратқызы Жанель «МІ 22-10» марапатталды.

Студенттеріміздің, сондай-ақ олардың ғылыми жетекшісі – қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Тажиев Ербол Елғондыұлының жұмыстарын жоғары бағалағандарымен құттықтаймыз! Біз барлық студенттерді біздің үміткерлерімізден үлгі алуға, колледждің қоғамдық және ғылыми өмірінде белсенді болуға шақырамыз! Бұл жеңіс әлі де алда көп жеңістердің бірі болсын, деп тілейміз!