kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Мини-футболдан турнир кубогының жеңімпаздары

2023 жылғы 19 мамырда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК ұжымы – оқытушылар мен әкімшілік персонал колледж атынан “AQNIET” Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалы ұйымдастырған шағын футбол және волейболдан спорттық жарыстарға қатысты.

Спартакиада Алматы облысы ҚДБ ШЖҚ “Талғар жоғары медициналық колледжі” МКК базасында өтті. Онда “AQNIET” құрамына кіретін 20 медициналық мекеменің өкілдері бақ сынасты.

Жарыстың мақсаты: жүйелі спорт түрлеріне баулу; дене шынықтыру және спорт арқылы салауатты өмір салты принциптерін енгізу.

Ұзақ және табанды матчтардың қорытындысы бойынша мини-футболдан турнир кубогының жеңімпаздары мен иегерлері 🏆🥇 Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК командасы болды! Волейболдан жарыста біздің команда құрметті 4 орынға ие болды.

Колледж әкімшілігі, оқытушылар мен студенттер біздің спортшыларды шағын футбол турнирінде 1 орын алуымен құттықтайды! Сіздерге әрқашан сенімдлік әрі батылдық тілейді! Сәттілік әрқашан сіздер жақта болсын!